Компания туралы

1991

Қарағанды қаласының халық депутаттарының Киров аудандық кеңесінің 17 желтоқсан 1991 ж. №13/18п5 шешімімен «Қарағанды-АСКО-ЛТД Сақтандыру компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тіркелген. Компанияның құрылтайшылары: «Москва-АСКО-Холдинг Сақтандыру компаниясы» заңды тұлға және бірнеше жеке тұлғалар болды.

1995

Компания тіркелген сәттен бастап сақтандыру қызметінің кең спектрін көрсете бастады. Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің сақтандыру Департаментінің 28 шілде 1995 ж. қолданыстағы заңдарына сәйкес сақтандырушыларды лицензиялау туралы нормалары енгізілгеннен кейін компанияға сериясы СЖ №000040 сақтандыру қызметін жүргізу құқығына алғашқы лицензия берілген.

1998

Компанияның филиалдық жүйелерін белсенді дамыту басталды. Қостанай (1 маусым), Ақмола (27 шілде), Павлодар (9 қыркүйек), Алматы (13 қараша) филиалдары тіркелді. Компанияда өндірістік мәселелерді жедел шешуге және клиенттерге жоғары деңгейде қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін айрықша ұжымдық мәдениеті қалыптасады.

1999

Компания халықаралық қатынастарды белсенді дамыта бастады. «Национальная страховая группа» (Ресей), «Ресо-Гарантия» (Ресей), «РигаРе» (Латвия) сақтандыру компанияларымен серіктестік туралы шарттар жасалған. Серіктестік нәтижелері сақтандыруға ірі тәуекелдерді қабылдау бойынша қаржы мүмкіндіктерін ұлғайту, сонымен қатар сақтандыру мен менеджмент саласында озат технологиялардың бай тәжірибесін қолдану болды.

2000

Қазақстан Республикасының құнды қағаздар бойынша ұлттық комиссиясы 100 000 000 теңгеге компания акцияларының алғашқы эмиссиясының мемлекеттік тіркеуі іске асырылды. Эмиссия құнды қағаздар Мемлекеттік реестріне енгізілді!

2004

Компания еңбегі халықаралық деңгейде бағаланды: іскерлік тәжірибеде жоғары сапа үшін Халықаралық қордың медалі мен сертификаты алынған. Бұл марапат оның иелерін бүкіл әлемнің кәсіпкерлік, бизнес, ғылым және мәдениеттің жетекші өкілдерімен бір қатарға қояды.

2005

Компания сақтандыру нарығында бірінші болып ISO 9001:2000 сапа менеджментінің халықаралық стандарттарын енгізді. Қабылданған саясатқа сәйкес Компания сақтандыру қызметінің жоғары сапасы мен кең түрлері, олардың бәсекелестігі, үнемі даму және жағымды іскерлік беделі арқылы танымал болу негізінде өз клиенттерін толық қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

2006

Москвада жүргізілетін «Ұлттық экономика жетекшілері топ 100» халықаралық саммиті шеңберінде компания «Ұлттық экономика жетекшісі» Құрмет Белгісінің иегері атанды. Марапаттау республикада өз саласында сөзсіз жетекшілер болуға лайықты компаниялар тәрізді қоғамның еңбегін бағалау белгісі болып табылады.

2007

Барлық республикада Компанияның агенттік жүйесін кеңінен таратудың басталуы. Аталған процесс Қазақстаннның барлық облыстық және аудандық орталықтарында шарттарды рәсімдеу және шығындарды реттеу мәселелерін шешу мүмкіндігін алған компанияның клиенттеріне жоғары деңгейде қызмет көрсетуді қамтамасыз етті.

2008

Баланс валютасы миллиард белгісінен асып түсті! Ол компанияның республикалық маңыздағы ірі жобаларының қатысушысы болуға мүмкіндік берді. Компания маңызды мемлекеттік бағдарламаларды несиелеумен айналысатын бірнеше институттар қатарында аккредитациядан өтті. Оның ішінде: «Тұрғынүйқұрылысжинақтаубанкі» АҚ, «КазАгроФинанс» АҚ. 

2009

Компанияның тауарлық белгісі Мемлекеттік реестрде тіркелген, оның растауы ретінде Әділет министрлігінің зияткерлік меншік құқығы бойынша Комитеті №29191 куәлігін берген. Компания Қазақстанда сақтандыру әлемінде аталған белгінің жалғыз иегері атанды.

2010

Қолданыстағы лицензия шегінде жаңа сақтандыру өнімдерін өңдеу есесінен сақтандыру қызметінің спектрін ұлғайту. Дара сақтандыруды дамыту және кең тараған халықтың арасында сақтандыру мәдениетін насихаттау.

2011

Компанияның сақтандырудың міндетті және ерікті түрлері бойынша сақтанушылары арасында бағалы сыйлықтарың акциясы мен ұтыс ойындарын өткізу. 

2012

Төлеу қабілеттілігі бойынша нақты маржаның мөлшері 1 млрд. асып кетті, ол сақтандыруға ірі мемлекеттік жобаларды қабылдауға мүмкіндік берді.

2013

Қазақстанның шаурашылық қызмет субъектілерінің толық тізімін ранжирлеу нәтижесінде ресми статистика мәліметтеріне сәйкес кәсіпорын ОКЭД 65. 12.2 бойынша Қазақстан Республикасының ірі кәсіпорындары арасынан «ТОП-5» кірді, «Қазақстан жетекшісі 2013» ұлттық сертификатымен және медальмен марапатталған.

2014

Қаржы көрсеткіштерінің одан әрі өсуі, ірі біріккен клиенттер мен жобаларды қатыстыру, көрсетілетін қызметтің кең спектрі. Интернет арқылы онлайн сатуды енгізу жеке тұлғаларды сақтандырудың ең кең нарығын қамтуға мүмкіндік берді. «Сала жетекшісі 2014» медалемен және ұлттық сертификатпен марапатталу.

2015-2016

«Сала жетекшісі 2015» және «Сала жетекшісі 2016» медалімен және ұлттық сертификатпен марапатталу.  

2017

Қайта сақтандыруға лицензия алу.

2018

"Comfort" және "Жақсылық" жаңа сақтандыру бағдарламаларын іске қосу.

2019

Онлайн-сақтандырудың жаңа мүмкіндіктері. Кәсіби жауапкершілікті сақтандыру бойынша лицензия алу.

2020

"АСКО" Сақтандыру компаниясы" АҚ Қазақстанның Қаржыгерлері Қауымдастығының мүшесі болады.
 
Онлайн сақтандырудың компанияның сайты арқылы әрі қарайғы дамуы: тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру (Тасымалдаушының АҚЖМ), автокөлікті сақтандыру (КАСКО), шетелге шығатын адамдарды сақтандыру, жазатайым оқиғадан сақтандыру.